МТРА жаңалықтары

Петропавл станциясындағы локомотив депосына – 120 жыл

Владимир Зейферт – Петропавл станциясындағы локомотив депосының басшысы:

– Мекеме бір тәулік ішінде Петропавл-Қорған және Омбы-Петропавл бағытына 100-ден астам жүк поезы мен жолаушылар поезын тасымалдайды. Сондай-ақ, темір жол транспорттарын, яғни, тепловоз, электровоздарды жөндейді.

Людмила Беляева Петропавл станциясындағы локомотив депосында 1963 жылдан қызмет етеді. Жерлесіміздің әкесі, ағасы осы кәсіпорында жұмыс істеген. Отбасы мүшелерінің локомотив депосындағы жалпы еңбек өтілі бір ғасырға жуық. Бүгін нәзік жанды мекеменің мақтау грамотасын алды.

Людмила Беляева – Петропавл станциясындағы локомотив депосының ардагерлер кеңесінің төрайымы:

– Ең басында қарапайым токарьдан бастаған едім. Біртіндеп қызметтік мансабым өсті. Кейін, зейнетке шыққан соң ардагерлер кеңесін басқаруға ұсыныс жасады. Міне мұнда 7 жыл қызмет жасаудамын.

Жалпы бүгінгі салтанатты жиында Петропавл локомотив депосының 200-ге жуық қызметкері түрлі марапатқа ие болды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Тогжан Акмагамбетова