Аптадағы маңызды жаңалықтар

2017 жылдан бастап Петропавлда су мен кәріз ақысы 8,5% көтеріледі

Арман Өтегенов – Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Жаңғырту жұмыстары сәтті іске асқан жағдайда құбырлар мен желілердің тозу көрсеткіші 20 пайызға дейін төмендейді. Биыл “Қызылжар су” ЖШС Еуропалық қайта құру және даму банкінен 2,2 млрд теңгенің қарызын алды. Жалпы инвестициялық жобаның құны 5,8 млрд теңгені құрайды.

Бүгінде “Қызылжар су” кәсіпорын 68 мыңнан астам тұтынушы мен 3 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымға 2 түрлі қызмет көрсетеді. Келесі 2017 жылдан бастап барлығы үшін тариф өседі.

Арман Өтегенов – Арман Өтегенов – Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– 2017 жылы жеке тұлғалар су мен кәрізге қосымша құн салығымен есептегенде әр текше метрі үшін 8,5 теңге төлейді. Ал заңды тұлғалар 4,5 теңгеге артықтау шығындалады. Биыл тұтынушылар судың әр текше метріне 76 теңге төлесе, келесі жылдан бастап оның құны 82,5 теңге көтеріледі. Кәріздік желі 66 дан 72 теңгеге өседі.

Бұл тариф алдағы 5 жылда өзгеріп отырады. 2021 жылға қарай су және кәріздік желілер үшін төленетін коммуналдық ақы жеке тұлғаларға 38, заңды тұлғалар үшін 52 пайызға көтерілмек.


Берік Қасен