МТРА жаңалықтары

Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарды

Ескендір Сүлейменов – «ҚР Ұлттық Банкі» РММ СҚФ бас маманы:

– Бұл монетаның номиналы – 50 теңге. Бұл монетаны ҚР Ұлттық банк филиалдарында сатып алуға болады. Осы Петропавл монетасының жалпы тиражы – 50 мың дана, бүкіл Қазақстан бойынша.

50 теңгеліктің айналымға шығарылғанына 2 күн болды. Онымен сауда жасауға да болады. Ал, жаңажылдық сыйлыққа не аларын білмей жүргендердің құлағына алтын сырға. Ұлттық банк «Монета-сыйлық» сериясынан номиналы 100 теңгелік ескерткіш монета шығарды. Шақа 925 сынамалы күмістен жасалған, таралымы – 4 тың дана.

Ескендір Сүлейменов – «ҚР Ұлттық Банкі» РММ СҚФ бас маманы:

– Бұл монетаны сіз өз жақындарыңызға сатып алуға болады. Бұл монетада Жаңа жылдарыңызбен деген жазу үш тілде бейнеленген. Оның бағасы – 10 мың 800 теңге. Оның ерекшелігі, ол – төртбұрышты.

Тағы қаржы институты «Жүректен жүрекке» сериясымен «Махаббат» монетасын қолданысқа енгізді. 3 мың данамен шығарылған шақаның құны – 14 600 теңге. Салмағы – 31,1 грамм. Монетаның сырт жағында екі ғашықтың алтындалған бейнесі бар.

Магжан Ахмадина