Өнеркәсіп

Қазақстандық аграриилер Ресейлік Петербор зауытында болды

Сергей Серебряков – «Петербор трактор зауыты» АҚ директоры, РФ:

– Ағымдағы жылы біз зауытты заманауи құрылғылармен жабдықтау бойынша инновациялық жобаны қолға алдық. Бұл өзгерістер біздің өнімнің көлемін өткен жылғымен салыстырғанда 80 пайызға арттырды. Сонымен қатар, биыл трактордың конструкциясы өзгеріп, сапасы жақсарды. Жаңа кабина мен жаңа қорап орнатылды.

Биылғы жылы “Кировец” техникасы жоғары сапа мен қолжетімді бағаның арқасында бірден бірнеше елдің нарығына шықты. Бұл тізімде Канада, Австралия, Чехия, Польша мен Францияда бар. Бірақ, басты жетістік – Қазақстан нарығындағы 250 аттың күшіне ие тракторладың арасында көш бастауы. Жыл сайын республикамызға қуаттылығы әр түрлі болатын 150-ден астам машина жіберіледі.
Өйткені, біздің еліміз – “Кировец”-тарды ірі импорттаушыларының бірі.

Борис Филин – «Петербор трактор зауыты» АҚ директорының орынбасары, РФ:

– Әлем бойынша Қазақстан біздің тауарды алатын мемлекеттер арасында көш бастап тұр. Бүгінде біз жылына бұл елге 150-ден астам машина экспорттаймыз. Алдағы уақытта сұраныс өседі деген сенімдеміз. Өйткені, қазір біздің техникалар жаңартылып, заманауи талапқа сай етілді. Енді келер жылы аталған мемлекетке 200-ден астам трактор жіберуді жоспарлап отырмыз.

Қазір Қазақстан жерінде аталмыш зауыттан 10 жыл бұрын шыққан 17 мың “Кировец” жұмыс жасауда. Оларды жақын арада 400 аттың күшіне ие жаңа тракторлар алмастыру керек. Өйткені, осы деңгейдегі көліктер аз уақыттың ішінде кез келген агрономиялық тапсырмаларды орындауға қауқарлы.
Бұл кездесуде қазақстандық аграриилер заманауи техника жеткізу бойынша 16 келісім шартқа қол қойды.

Қабийден Үсенов – «Дружба» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Біз К-744 – Кировец» тракторын сатым алуды жоспарлап отырмыз. Онымен қоса егін егу кешенін де алсақ дейміз. Өйткені, бізге бұл зауыттың техникасы ұнайды.

Максим Артемук – «Железнодорожное – АМФ» ЖШС директоры, Қостанай облысы:

– Бүгін екі жақты келісім шартқа қол қойдық. Алдағы уақытта зауыттан бізге 1 трактор жеткізіледі. Қазақстан мен Ресей арасындағы дәл осындай іскерлік қатынастар одан әрі нығая берсе екен. Бұл сапар мен үшін жемісті болды.

Бизнес кездесулерден кейін жерлестеріміз Невадағы тарихи жерлерді аралап, Санкт-Петербор қаласының мәдени өмірімен танысты.

 

Айгерим Ержанова