МТРА жаңалықтары

Петропавлда ҚР Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы атты кітіп көрмесі өтуде

Қайыржан Мәлікова – С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың қызметкері:

– Біз бүгінгі көрмеге соңғы жиырма бес жылда кітапханамызға түскен кітаптарды қойдық. Олардың арасын үздік туындыларды іріктеп алдық.

Айта кетейік, көрмеге қойылған бұл еңбектерді кез келген жастағы адам оқи алады. Мәселен, мына “Менің отаным – Қазақстан” атты туынды 7-і мен 10 жастағы бастауыш сынып оқушыларына арналған. Кітаптың формасы ерекше. Ол киіз үйге ұқсас жасалып, түрлі түсті бояулармен безендіріліпті.

Қайыржан Мәлікова – С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың қызметкері:

– Туындыда балаларға арналған қызықты мәліметтер бар. Әзірге, бұл еңбектің біздің кітапханада бір-ақ данасы бар.

“ҚР Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы” кітап көрмесінде тағы белгілі ақын-жазушылардың да еңбектері бар. Бұл құнды дүниелерді парақтай отыра рухани азық алуға болады.

– Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына – 25, ал Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толды. Көрмеден осы оқиғаға қатысқан Қайрат, Ләззат сынды ұл-қыздар жайлы жазылған кітаптарда бар.

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қоры соңғы ширек ғасыр ішінде 3 мыңнан аса туындымен толыққан. Оның жартысына жуығы қазақ тілінде жарық көріпті. Айта кетейік, Петропавлда “ҚР Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы” атты кітап көрмесі желтоқсан айының соңына дейін өтеді.

 

Култанов Байболат