Аптадағы маңызды жаңалықтар

М.Жұмабаев ауданында жаңа әлеуметтік нысан ашылды

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Ауыл тұрғындарын Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Жаңа нысанды игіліктеріңізге пайдаланыңыздар.

Ноғайбай – болашағы бұлыңғыр елді-мекендердің тізімінде еді. Кейін, аграрийлер келіп, жұмыс орындары пайда болып, ауылдың тамырына қан жүгірді. Тіпті қазір, тұрғын-үйлер мен әлеуметтік маңыздағы нысандар бой көтеруде.

Алтынбек Сапаров, “Ноғайбай” ЖШС директоры:

– Барлығы ауыл тұрғындары үшін. Енді мұнда тұрғындар бос уақыттарн өткізбек.

Салтанатты жиын барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов ауылдың көркеюіне ат салысып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында «Ноғайбай» серіктестігінің механизаторы Берік Есмағұлов та бар.

Берік Есмағұлов, “Ноғайбай” ЖШС механизаторы:

– Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын. Алдағы уақытта да талмай еңбектенемін.

Елді мекен тұрғындары ауылдағы алға басушылықтарға дән риза.

Рақыш Қыдырмина, еңбек ардагері, Ноғайбай ауылының тұрғыны:

– Бізде барлығы бар. Мұндай мүмкіндік тудырып отырған жандарға алғысымыз мол.

Жаңа демалыс орнында түрлі шараларды өткізуге барлық жағдай жасалған. Ішінде қонақ үй мен кітапханасы да бар. Өңір жетекшісі мәдениет ошағының жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Акбопе Танирберген