МТРА жаңалықтары

22-ші желтоқсан – Энергетиктер күні

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Өңіріміздің энергетика саласы Тәуелсіздік жылдары үлкен даму жолынан өтті. Өңіріміздегі ірі кәсіпорын талай қиындықты жеңіп, Бүгінде аяғына нық тұрды. Солтүстікқазақстандық энергетикатер өздерінің кәсіби шеберліктерінің арқасында кәсіпорынның үздіксіз жұмысын жоғары дәрежеде қамтамасыз етуде.

Биыл 22-ші желтоқсан – энергетиктер күні 2-ші Петропавл жылу-электрэнергия орталығының 55 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Қос мерекеге орай облыс әкімі Ерік Сұлтанов сала мамандарын атқарған қажырлы еңбектері үшін марапаттады.

2-ші Петропавл ЖЭО бас метрологы Салават Галлямов бүгін аймақ басшысының Алғыс хатына ие болды. Ол кәсіпорында 2002 жылдан еңбек етуде.

Салават Галлямов – Петропавл 2-ші ЖЭО бас метрологы:

– Мен алдымен метрология бойынша инженер болып жұмысқа орналастым. Кейін цех меңгерушісінің орынбасары болдым. Қазір орталықта – бас метрологпын. Бүгінде менің қарамағымда 8 адам жұмыс жасайды. Әрқайсысы – өз ісінің шебері.

Сондай-ақ, бұл күні екі адамға «Құрметті энергетик» атағы берілді. Борис Ковзалов солардың бірі. Бұл-оның алғашқы марапаты емес. Осыдан 5 жыл бұрын метролог маманға “Өз ісінің үздігі” медалі табысталыпты.

Борис Ковзалов – Петропавл 2-ші ЖЭО көлік-жанар-жағармай цехы басшысының орынбасары:

– 2-ші Петропавл ЖЭО-на мен 1996-шы жылдары орналастым. Биыл энергетика саласына келгеніме 20 жыл толды. Жұмысымыз ауыр, әрине. Жерлестеріміз жылы жерде болуы үшін тер төгудеміз. Бүгін еңбегімнің бағаланып жатқанына қуаныштымын. Бұл жетістіктеріміз біздің алдағы жұмысымызға өзінің оң әсерін беретініне сенімдімін.

Бүгін кәсіби мерекелері күнінде 58 энергетик түрлі марапатқа ие болды. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Айгерим Ержанова