Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл бас шыршасы жағылды

Балақайларды көп күттерместен аяз ата мен ақша қар да шықты. Мерекенің сәні енді кіргендей. Көпшілікті келе жатқан мейраммен облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. Ел Тәуелсіздігінің мерейтойылы жылы табысытарға толы болғанын да атап кетті.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Еліміз үшін, оның ішінде Солтүстік Қазақстан үшін, табысты жыл болды. Көптеген жақсылықтар орын алды. Жерлестерді келе жатқан жаңа ыл мерекесімен құттықтаймын.

Шыршаны жағу кезегі де келіп жетті. Аймақ басшысы аяз ата мен ақша қардың кішкентай көмекшілерімен бірге сиқырлы тетікті басты. Шыршаға сән беріп тұрған түрлі-түсті ойыншықтар жарқырап, Петропавл аспанын жарқ-жұрқ еткен от шашулар жапты.

– Орталық алаң ән-думанға толы. Бет шымшыр қытымыр аяз петропавлдықтардың жарқын көңілдеріне кедергі бола алмады. Жаңа жылдың басты нышаны – әсем шыршаның жағылу салтанатына тұрғындар көптеп келген. Ақшақар, аяз ата мен биылғы келер жылдың нышандары меркенің сәнін келтіруде.

Осы сәтті жыл бойы күткен жерлестеріміз дәстүр бойынша шуақты шыршаны айналып әнге басты. Егемен елдің тұрғындары биылғы жетістіктердің 2017 жылы еселенетініне нық сенімді.

– Биылғы жыл табысқа толы болды. Балаларым да көп жетстіктерге жетті. Мешін жылы жақсылығын аяған жоқ. Тауық жылынан да күтеріміз мол.

– Мен жаңа жылды күтіп жүрмын. Тезірек келсе екен.

– Биыл көп жақсы жаңалықтар болды. Келер жылы да тек жақсылықтар болғай.

Мереке ҚМҮ-нің театрландырылған қойылымына ұласты. Көпшіліктің көңілін көтеруге арналған бұл концерттік бағдарлама үш сағатқа жалғасты.

Акбопе Танирберген