МТРА жаңалықтары

Облыстық ТЖД мамандары сақтық шараларын күшейтуде

Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық жарылғыштарды сату көбейеді. Бұл уақытта өте абай болу керек дейді құтқарушы мамандар. Өйткені, оны пайдаланудың да өз реті бар.

Жазира Қожахметова СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бөлімінің бас маманы:

– Департамент мамандары алдағы уақытта сауда орындарында рейд жүргізуді көздеп отыр. Шара барысында лицензиясы жоқ пиротехникалық заттар тәркіленіп алынады. Сондай-ақ, оларды ғимараттың ішінде ұстауға тыйым салынады және сыртта тұрғын үйлердің жанында тек 50 м қашықтықта ғана қолдануға болады. Тағы бір айта кететін жайт, бенгаль шырағын үйде шыршаның дәл қасында жақпаған жөн.

Жиын барысында мамандар өткен жұмада қаладағы жер үйлердің бірінде орын алған өрт оқиғасына да тоқталып өтті. Бұл күні тілсіз жау екі адамның өмірін қиды. Қаза тапқан жандардың екеуі де 56 жылғы әйел адамдар. 70 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің салдарынан үйдің шатыры толығымен жанып кеткен. Әзірге, аталған оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Дмитрий Рябенко – СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлім бастығы:

– Бұл өрт оқиғасы газ баллонының жарылуынан пайда болды деген болжам бар. Оны марқұм болған әйел адамдар пештің қасына алып келіп жылытқан екен. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін азаматтарға сақтық шараларын қатаң түрде ұстану қажет екенін ескертеміз.

Жалпы жыл басынан бері өңірде 659 өрт оқиғасы тіркелген.

 

Айсулу Сергали