МТРА жаңалықтары

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

Жиналыста кеңес төрағасы Уәлиханов ауданының әкімдігі жанындағы тәртіптік комиссияның жұмысын сынға алды. Олар жыл басынан 72 мемлекеттік қызметшіні бірнеше рет жауапкершілікке тартқан.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы:

– Аудандардағы тәртіптік комиссиялар ең алдымен алдын алу жұмыстарымен көбірек айналысу керек. Ал сіздер істің мән-жайын анықтап алмай, мемлекеттік қызметшілерді жөнсіз жауапқа тартасыздар. Бұлай болмайды.

Бүгінде Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімінің жанынан құрылған тәртіптік комиссия да жұмыстарын дұрыс атқармайды. Комиссия мүшелері қызметтік тексеріс жүргізбей тендерге қатысқан кәсіпкерлерді еш негізсіз кінәлаған. Кейін заңсыз әрекеттері үшін қудаланатынын біліп өз еріктерімен жұмыстан шығып кетіпті.

Отырыс барысында Сергеевка қаласының әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Ерлан Жакупов заңға қайшы әрекет жасаған. 2 кәсіпкердің жеке меншігіндегі жер учаскесін тартып алу жөнінде заңсыз ұйғарым шығарған.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы:

– Сіздің шығарған шешіміңіз заңнан үстем болып тұр ма сонда. Сіздің ондай әрекетіңіз дұрыс емес.

Кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев Сергеевка қаласының әкімі Ерлан Жакуповтың лауазымын төмендету туралы Шал ақын ауданының әкіміне ұсыныс жасамақшы. Егер аудан әкімідігінде бос орындар болмаса, Сергеевка қаласының әкімі Ерлан Жакупов қызметіне толық сай емес деп танылуы мүмкін.


Берік Қасен