МТРА жаңалықтары

Жергілікті өнер ұжымдары Жаңа жылда балаларға қызықты қойылымдар ұсынбақ

Театр әртістері қазір жаңажылдық ертеңгілікке әзірлік үстінде. Балғындарға арналған қызықты бағдарлама 30 минуттан тұрмақ. Әртістер осы уақыт ішінде кішкентай қала тұрғындарын ойнатып, көңілдерін көтеруді жоспарлап отыр.

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Біз балғындарды желтоқсан айының 24-і мен қаңтардың 6-сы аралығында күтеміз. Мерекелік ертеңгілік таңертеңгі 11-мен түскі 2 кезінде екі рет өткізіледі. Кейін, кішкентай қала тұрғындары “Қар ханшайымы” атты ертегіні тамашалайды. 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер театрға тегін кіре алады. Ал, одан ересек балаларға билет құны 1000 теңге тұрады.

Осы сәтте театр труппасының басқа да өнерпаздары сахнада “Қар ханшайымы” ертегісін даярлауда. Әйгілі дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің шығармасын 13 әртіс ойнамақ. Олар балаларға Кай мен Герданың түрлі қиындыққа қарсы тұрып, өз дегендеріне жете білулерін көрсетеді.

Тимур Кәрімжанов – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының режиссері:

– Біздің дайындап жатқан ертегіміз өте қызық. Сахнада түрлі жарық шамдары қосылады. Әртістер де өз рөлдеріне сай киінеді. Бұл балалардың көңілдерінен шығарына сенімдімін. Сондықтан, театрға келіп, ертегіне тамашалауға кеңес беремін.

Тағы, облыстық филармония өнерпаздары мерекеде балғындарға ән-жырдан шашу шашпақ. “Жастар сарайында” желтоқсанның 24-і мен 30-ы және қаңтардың 2-сі мен 4-і аралығында сағат 11:00 мен 15:00-де ертеңгілік ұйымдастырылады. Кейін, келушілер “Смех, шарики и Новый год” атты ертегіні тамашалайды. Билет құны – 1000 теңге.

Юрий Колчин – Облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі:

– Мерекеге облыстық филармония ұжымы қызу дайындық үстінде. Биыл өнерпаздарымызға жаңадан киімдер тігілді. Сондай-ақ, Жастар сарайының фойесінде әткеншектер болады. Онда балғындар тегін әткеншек тебе алады.

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ұжымы да Жаңа жылға арнап балаларға базарлық әзірлеуде. Олар желтоқсанның 22-сі мен 30 күндері аралығында таңғы – 10, күндізгі 12-і мен 15:00-де “Ғажайыптар әлемі” атты спектакльді сахналайды. Сонымен қатар, облыстық Қуыршақ театры да мерекеге орай “Самый жаркий новый год” және “Морозка” қойылымдарын ұсынбақ.

 

Култанов Байболат