Білім

Теріскейлік жасөспірім республикалық инновациялық жобалар байқауының жүлдегері атанды

Анна Мещанова – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі:

– Бұл жобаны жасау үшін біз көп іздендік. Түрлі оқулықтарды ақтарып, өзімізге қажетті мәліметтерді алдық. АҚШ, Жапония сынды елдерде полимер қапшықтарды бұрыннан қолданады. Ал, Қазақстанда, әзірге мұндай дүниелер жоқ. Сондықтан, біздің жобамыз экологияға зиян келтірмейтіндіктен тигізер пайдасы зор деп білемін.

Жалпы, республикалық жастар инновациялық жобалар байқауына 1000-нан аса жұмыс жіберіліпті. Оның 20-сы ақтық кезеңге жолдама алған екен. Бұл тізімде Сергей Швецтің де еңбегі бар. Конкурстың қорытындысы бойынша жерлесіміз “Арнайы жүлде” аталымында үздік атанып, 250 мың теңгені жеңіп алды.

Сергей Швец – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып студенті:

– Қазіргі таңда жер шарының көп бөлігін қоқыс алаңдары алып жатыр. Бұл – өзекті проблема. Өйткені, зиянды заттар экологияға көп нұқсан келтіреді. Көп зертеп, ізденгендіктен жобаны әзірлеу аса қиынға соққан жоқ. Еңбегімнің елеңгендігіне қуаныштымын.

Сергей Швецтің алға қойған мақсаты айқын. Ол болашақта өзінің жобасын ары қарай дамытпақ. Жас дарын келешекте экологияға зиян келтірмей, өздігінен жойылып кететін биополимер пакеттер мен пластик ыдыс-аяқты толыққанды жасамақшы.

Култанов Байболат