МТРА жаңалықтары

“Семейный” сауда-ойын-сауық орталығы өткізген акция жүлдегерлері анықталды

Бүгінгі акцияда 20 мың купон ойнатылуда. Шарт бойынша «Семейный» гипермаркетінен сауда жасап, жиналған 10 чекті бір купонға айырбастау керек. Осылайша мұндай купондардың санын 10-ға жеткізгендер бүгінгі ұтысқа қатысуға мүмкіндік алған. Шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Андрей Исаков, «Семейный» сауда желілерінің директоры:

– Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерей тойында өз тұтынушылармызға үлкен сыйлық жасағымыз келді. Жиылғандардың барлығы да сыйлықтан үмітті. Тайландқа берілетін жолдаманың құны – 800 мың теңге тұрады. Мұндай акцияларды алдағы уақытта да өткізетін боламыз.

Мұқанов көшесінің бойындағы Семейный гипермаркетінің алдына мыңдаған петропавлдық жиылған. Барлығы да сыйлықтан дәмелі. Балалар арнайы жәшіктен қатысушылардың аты-жөні жазылған қағаздарды суыруда. Міне олардың қолына Болат Әбжановтың есімі жазылған парақша ілікті.

Болат Абжанов:

– Осы дүкеннің тұрақты клиентімін. Бүгін шаңсорғыш ұттым. Қуаныштымын.

Ноутбук пен үш шаңсорғыш өз иелерін тапты. Ал, мына теледидар Алия Жұмабековаға бұйырды.

Әлия Жұмабекова:

– Семейный гипермаркетіне рахмет. Мұндай ұтыстардың өткізілгені жақсы. Бүгін жолым болды. Ұтамын деп күтпеген едім.

Ұтыстың басты шарты – қатысушының жеке куәлігінің өзімен бірге болуы. Егер жеке басын растайтын құжаты болмаса сыйлық берілмейді. Басты жүлде – Тайландқа екі адамға арналған жолдама. Жиылғандардың әр қайсысы да басты жүлдені иемденіп қаламын-ау деген үмітте . Міне, ыстық жаққа барып демалу бақыты бұйырған адам да анықталды.

Сити Тревел компаниясы мен Семейный сауда – ойын сауық орталығының сыйлығы – Тайлантқа жолдаманы Людмила Марионко ұтты.

Людмила Мариенко:

– Осы сыйлықты жеңіп алғам келді. Бұл мен үшін орындалмас армандай көрінді. Күтпеген жерден сахнаға шақырды. Менің ыстық жаққа бірінші сапарым болғалы тұр. Тек кеше келіп чектерімді купонға ауыстырып едім. Жолым болды.

Ұтыстың жалпы қоры 2 млн теңге болды. Мереке күндерінде Семейный сауда желісінің қалалықтарға деген сыйлығы мұнымен аяқталған жоқ. Мұндағы «Киндерланд» ойын-сауық балалар орталығында жеткіншектерге арналған интерактивті жаңа жылдық қойылым дайындалуда. Көңілді ойындар мен шоулар 14-жасқа дейінгі балаларды күтетін болады.

 

Акбопе Танирберген