Без категории

Нұрсұлтан Назарбаев өз хатында Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Геннадий Зенченконың көрсеткен қолдауы көп күш бергенін атап кетіпті. Елбасы Солтүстік Қазақстанға келген сапарларында оның серіктестігіне бас сұқпай кетпейді. Бүгін ҚР Президентінің жазған телеграммасын өңір жетекшісі жиылғандарға оқып берді.

Ел премьер-министірі – Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы – Нұрлан Нығматулин, «Экспо 2017» Ұлттық компаниясының төрағасы – Ахметжан Есімов, ШҚО әкімі – Даниал Ахметов пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтен де Геннадий Ивановичтің жақындары мен туған туыстарының қайғыларына ортақтасып жазған телеграммалары жетті. Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов та марқұмның туған жеріне сіңірген ерен еңбене тоқталды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Бүгін Қазақстанның Еңбек ері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Генадий Зенченконың ұймдастырушылық қабілеті мен өткен өмірі барлығымызға үлгі. Қарапайым шаруадан совхоз директорына дейін жоғарылады. Ол басқарған «Зенченко и К» КС тек еліміздегі ең сәтті жұмыс жасап отырған агроқұрылымына айналды. Ең жоғары, сапалы нәтиже көрсетті. Одан кейін ауыл тұрғындарына бар жағдаайды жасап, Новоникольск селосын гүлдендірді. Жетімдер үйі мен ардагерлерге көмек көрсетті.

Еліміздің Еңбек Ері Геннадий Зенченко көп күмәнданған шақта Елбасының жанынан табылып, Қазақстанның болашағы жарқын мемлекет болатынына зор сенім білдіргендердің бірі болды.

Серік Егізбаев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министірі:

– Бірнеше күн бұрын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Зенченконың екі хатын оқып берді. Оның бірі 25 жыл бұрын жазылса, екіншісі биыл жазылған. Ол туған жерін сүйді, оның дамуына үлес қосты. Бүгін ол кісінің айтқан әр сөзі біз үшін өмірлік ақыл болып қалды.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

– Геннадий Иванович Зенченко Қазақстан Тәуелсіздігін алған бірінші күннен ел болашағына үлкен сеніммен қарады. Елбасын қолдады. Ол кісінің орнын басар азаматтар көбейсе, еліміздің болашағы зор болар еді. Таудай азаматынан айырылып отырған теріскей жұртына көңіл айтамын.

Жақсының жақсылығын айт, ырысы тассын» демекші, бүгін қаралы митинг барысында марқұмның туған жері үшін сіңірген еңбегін және әріптес, дос, әке ретіндегі адами қаиеттерін тіліне тиек етпеген адам қалмады. Геннадий Иванович базынасын айтып келген серіктестігінде жұмыс істейтін әр шаруаның мәселесін шешіп бергенше асығып тұратын. Сондықтан да болар, бүгін марқұмды соңғы сапарына қимай шығарып салып тұрғандардың санына жету қиын. Өзге өңірлерден келген үзеңгілестері тынбай ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғаның орны ойсырап тұрғанын айтты.

Иван Саур, «Родина» АҚ директоры, Ақмола облысы:

– Геннадий Ивонович еңбек жолында кезіккен түрлі сыннан сүрінбей өтті. Өзі бастаған кәсібін ең жоғарғы деңгейге жеткізді. Ол кісімен 25 жыл бұрын таныстым. Бір салада жүргендіктен жақын араластық. Оның кейінгі он жылында әкем сияқты сырластым. Кез-келген уақытта ақыл-кеңесін берді. Қазақстандағы ауыл-шаруашылығын қолға алған әркімге де бағдаршам сияқты жол көрсетті. Ешқашан өзін ғана ойлаған емес. Оның ісін ұлы Геннадий Геннадиевич пен немересі Иван әрі қарай да гүлдендіреді деп санемін.

ҚР Еңбек Ері Геннадий Зенченко 2 рет «Отан» ордені және «Алтын барыс» төсбелгілерімен марапатталған. Мемлекеттен алған мұндай наградалары да осы жерде. Халықтың оған деген пейілі тіпті артық. Азаматтың істеген жақсылықтары мен адамгершілік қаиеттерін айтып, марқұммен бақұлдасып болғасын, мәйітті ақтық сапарға шығарып салды.

Ауылдастары, аралас-құралас болған жандар мен өңір азаматтары ұзын сонар топ болып зират басына дейін еріп барды. Осылайша желтоқсанның 19-ы күні өзі тұрған Новоникольск ауылында Геннадий Иванович Зенченконың жамбасы қара жерге тиді. Марқұмның жарқын бейнесі жерлестерінің мәңгі есінде сақталмақ. Қабір басындағы тыныштықты аспанға бірнеше мәрте атылған мылтық дауысы ғана бұзды.

//////////////////////////////////////////

Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, ҚР Еңбек Ері Геннадий Иванович Зенченко 18-ші желтоқсан күні 79 жасында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Жерлесіміздің жерлеу рәсімі Қызылжар ауданы Новоникольское селосында өткізілуде.

Елімізге танымал аграрийді ақтық сапарға шығарып саламын деушілерге облыс әкімідігі Петропавлдағы Спорт сарайынан аталған елді-мекенге дейін ақысыз 6 автобус ұйымдастырды.

Геннадий Зенченко – Солтүстік Қазақстан өңірінің бұрынғы Сергеевка қазіргі Шал ақын ауданының тумасы. Петропавл ауыл шаруашылығы техникумын аяқтаған жас маман 62-ші жылдары еңбек жолын механизатордан бастады. Кейіндері жүргізуші, ұста, инженер болып та қызмет істеген. Ал 1976-шы жылы қазіргі “Зенченко и К” КС-нің, бұрынғы «Новоникольский» совхозының директоры болып тағайындалды. Өмірінің 40 жыл уақытын Генадий Иванович осы серіктестікке арнаған. Шаруашылық басшысы мұнда жергілікті мал басын асылдандыруды алғашқылардың бірі болып қолға алған. Ауыл шаруашылығын дамытып, ісімен елге үлгі болды.

Бұл күні Геннадий Ивановичпен қоштасу рәсіміне адамдар көптеп жиылды. Әрқайсысы Зенченко отбасына көңіл айтып, қолдауларын білдіруге тырысты.

Геннадий Ивановичтің ерен еңбегі әр жылда лайықты бағасын алып отырған. ҚР Еңбек Ері, “Алтын жұлдыз” ерекше кеуде белгісі, “Отан”, “Құрмет белгісі”, “Еңбек Қызыл Ту” ордендерімен марапатталған. Ол жеке шапқан жүйрік емес, талайды тәрбиелеген тәлімгер ұстаз болған.

Павел Леонов – «Санта-Мария» ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

– Геннадий Ивановичті мен 1971-ші жылдан танимын. Ол менің досым ғана емес, ағамдай болып кетті. Үнемі жұмысқа қатысты кеңестерін беріп тұратын. Маған ол мал шаруашылығы кешенін тұрғызуға үлкен көмек берді. Күнара біздің ауданға келіп, құрылыс барысымен танысып тұратын. Қате кеткен тұстарын бірден айтатын еді. Ол кісіге деген алғысым шексіз.

Геннадий Зенченко жақсы дос, білікті басшы да бола білген. Әріптестерінің айтуынша, ол үнемі ақыл-кеңес беріп, дұрыс жол көрсетуден жалықпайтын. Виктор Самойленко 20 жыл бойы Геннадий Ивановичтің қоластында бас аграном болып жұмыс істеген.

Виктор Самойленко – “Зенченко и К” КС бас агрономы:

– Новоникольское селосына мен 97-ші жылдары қоныс аудардым. Содан бері, Геннадий Ивановичтің қарамағында істедім. Сол уақыттан бері өз басым оның кемшін тұстарын байқамаппын. Ол кісі өте ақжарқын, көңілді, көпшіл азамат болатын. Біз оған өз проблемаларымызбен барған кезде, үнемі қол ұшын созуға дайын тұратын. Жаны жәннатта болсын!

Новоникольское селосына келгелі бері Геннадий Зенченко жерлестері үшін тек қана басшы емес, көмекші, қамқоршы да бола білді. Бірнеше жылдың ішінде ол ауылының әлеуметтік жағдайын жақсартты. Мұнда ол Хоккей кортын, дәрігерлік амбулатория мен жұмысшыларына арналған баспаналар да тұрғызды. Оқушыларды да назардан тыс қалдырған емес.

– Ол кісі үнемі балалардың біліміне назар салатын. Оқушылырадың түрлі олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатысуына барлық жағдайды жасайтын. Геннадий Ивановичтің арқасында ауданымыздағы барлық мектептердің ішінде бірінші болып бізге пластикалық терезе орнатып берді.

– Геннадий Ивановичтің бізге директор болып келген күні әлі есімде. Сол кездері ауылымыздың тұрмысы жаман болатын. Ол көптеген қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойыған емес. Бүгінде ол жерлестеріне барлық жағдайды жасап кетті. Ол үнемі біздің есімізде қалады.

 

Акбопе Танирберген, Айгерим Ержанова