МТРА жаңалықтары

Ұлық мереке қарсаңында 100-ден астам солтүстікқазақстандық полиция қызметкері түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды

Осы күні бірқатар полицей ҚР ІІ министрі Қалмұхамбет Қасымовтың атынан Алғыс хатпен марапатталды. Басқалары облыс әкімі Ерік Сұлтановтың Құрмет грамотасын алды.

Әбілғазы Ғабдуллин қазіргі таңда Айыртау аудандық ІІ бөлімін басқарады. Еңбек жолын осыдан 22 жыл бұрын патрульдік полициядан бастаған екен.

Әбілғазы Ғабдуллин – Айыртау аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі:

– Айыртау аудандық ІІБ-не жаңа қызметтік көліктер беріліп, бөлім заманауи техникамен жарақталуда. Жұмысымыз біршама жеңілдеді. Тәуелсіздікітің алғашқы жылдарымен салыстырғанда қылмыстар азайды.

Тәуелсіздік мерекесі Еркетай Тұтқышевтің де есінде ерекше сақталмақ. Оған “Полиция полковнигі” шені берілді.

Еркетай Тұтқышев – СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі:

– Бұл марапат ІІ органдарында 21 жыл бойығы еткен еңбегімнің бағасы. Тәуелсіздік жылдары біз полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолында адал қызмет етіп келеміз. Мен қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Адамдарға жан тыныштығы мен бейьітшілік тілеймін.

Ведомство бастығы Еркетай Тұтқышевтің мәліметінше, еліміз егемендік алған 91 жылдан бері шетелден 1,5 млн қандасымыз елге оралыпты. Соның 26 мыңдайы теріскейге көшіп келген. Соңғы 11 айдың ішінде өңірімізге 21 мыңнан астам шетелдік азамат келді. Оның 3 мыңға жуығы көші-қон заңнамасын бұзған.


Берік Қасен