МТРА жаңалықтары

Түмен облысы қазақтары солтүстікқазақстандықтарды ұлық меркемен құттықтады

Есенғали Ибраев, «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының президенті:

– Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – жоғары маңызға ие мереке. Біз түмен қазақтары өзіміздің тарихи отанымыздағы әр мерекені ол жақта да тойлаймыз. Осыдан 5 жыл бұрын СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы мен Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы арасындағы әріптестік жайындағы құжат қабылданды. Содан бері міне достығымыз күннен-күнге жанданып келеді.

Бүгін де түмен облысында 13 мың қазақ тұрады. Олар өз ана тілін ұғынып, салт-дәстүрді мығым ұстанады. Мейман құр қол келмей, достық үйіне 20 дана орыс ұлттық киімін сыйға тартты. Ал, өз кезегінде солтүстікқазақстандықдар Түменге қонаққа келер болса қазақ халқының ұлттық киімін алып келер деп қалжыңдады. Мейманға “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева Абайдың әнін салып берді.

Кейін, Түменнен арнайы келген Есенғали Ибраевқа Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығарылған “Қазақ халқы” аталған энициклопедия мен алғыс хат табысталды.

 

Акбопе Танирберген