МТРА жаңалықтары

“TECHNODOM” дүкендер желісінде “4 күн қолайлы баға” акциясы басталмақ

Станислав Деров – “TECHNODOM” дүкенінің Петропавл қаласы бойынша бас сатушысы:

– Мұнда кәсіби фотографтар мен әуесқойлар өзіне керекті заттарын таба алады. Жаңа жылға қарай бізде түрлі акциялар болады. Мәселен, NIKON  фотоаппаратын алсаңыз, оған келетін обьектив 30 пайыз төмен бағаға сатылады. Сонымен қатар, бізде экстрималды спорт түріне арналған камералар да баршылық.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, TECHNODOM” дүкені өз таурларын 4 күн бойы төмен бағамен саудаламақ. Яғни, жерлестеріміз желтоқсанның 16-сы мен 19-ы аралығында қалаған заттарын арзан бағамен сатып ала алады.

Борис Семикопенко – “TECHNODOM” дүкенінің Петропавл қаласы бойынша директоры:

– “TECHNODOM” ұлттық дүкендер желісі барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтайды. Айтулы датаға орай, біз өзіміздің клиенттерімізге сыйлық жасамақшымыз. Осы айдың 16-сы мен 19-ы аралығында біздің дүкендегі тауарлар арзан бағамен саудаланады. Және клиенттерді тамаша сыйлықтар күтуде. Сондықтан, бізге асығыңыздар!

Қала тұрғыны Сәуле Жукенова айтулы мерекеге орай анасына сыйлық жасамақ. Ол 5 жасар баласы Әмірмен бірге теледидар мен ноутбук қарастыруда. Нәзікжанды өз таңдауын жасап та үлгерген. Енді ол “TECHNODOM” дүкенінен LG маркалы теледидар сатып алмақ.

Сәуле Жукенова – қала тұрғыны:

– Үйге қажетті заттарды осы жерден алып тұрамын. Мұнда өте жақсы тауар. Сапалы. Акция бойынша осында келгенмін.

Айту керек, «4 күн қолайлы баға» акциясы еліміздің барлық “TECHNODOM” дүкендер желісінде жүргізіледі.

 

Айгерим Ержанова