МТРА жаңалықтары

Петропавлда Ермек Серкебаевтың 90 жылдық мерейтойына орай концерт өтті

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

– Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке ие болғанымызға биыл 25 жыл толып отыр. Қазақ операсының құлагері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Ермек Серкебаев тәуелсіздік жылдары қазақ опера өнерінің дамуына үлкен үлес қосып, халық ықыласына бөленген ерен талант иесі. Қазақ операсының бүгінгі жетістігі мен тарихы ағамыздың есімімен тығыз байланысты. Ұлы тұлғаның Қызылжардың киелі топырағында дүниеге келуі біз үшін зор қуаныш.

Бұдан соң Анархан Дүйсенова өнер шаңырағының бірқатар оқытушыларына облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттарын табыс етті.

Бұл кеш опера өнерінің дүлділі Ермек Серкебаевтың шығармашылығына арналған. Сондықтан, сахна төрінде жерлесіміздің репертуарында болған туындылар шырқалуда. Моцарттың “Свадьба Фигаро” операсындағы Фигароның ариясы. Мұны өнер колледжінің түлегі Бақыт Ілиясов орындауда.

Бақыт Ілиясов – Облыстық филармонияның әншісі:

– Ермек Серкебаевтың репертуарынан 5 ән орындадым. Олардың ішінде Синяя вечность Муслим Магамаевтың, Одан кейін “Надо мной небо синее” Ермек Серкебаевтың фишкасы деп айтуға болады.

Айта кетсек, кеште әйгілі “Айсұлу” операсындағы Серке каватинасы, “Надо мной небо синее” әні, “Біржан мен Сара” операсы шырқалды. Жалпы 1,5 сағатқа созылған концертте кезінде Ермек Серкебаев шырқаған 20-ға жуық туынды орындалды.

 

Тогжан Акмагамбетова