МТРА жаңалықтары

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Береке шағын ауданында жаңа супермаркет ашылды

Руслан Омаров – “Береке маркет” супермаркетінің директоры:

– Бұл шағын аудан жаңа. Тұтынушылар көп. Біздің дүкендегі тауарлардың бағасы арзандау. 20 мыңға жуық аталым бар. Негізінен, жергілікті тауар өндірушілердікі. Дүкенде қазір 10 адам еңбектенуде. Алдағы уақытта тағы жұмысшыларды аламыз. Әзірге, 12 сағат жұмыс істейміз. Кейін тәулік бойы қызмет көрсетуге көшеміз.

Ақтоқты Құсайынова – Береке шағын ауданының тұрғыны. Бүгін жаңа супермаркетке келіп, сөрелердегі азық-түліктермен танысуда. Айтуынша, бағалары қалтаны қақпайды әрі үйге жақын орналасқан.

Ақтоқты Құсайынова – Береке шағын ауданының тұрғыны:

– Бұл дүкен үйіме жақын орналасқан. Өте жақсы. Бұрындары орталыққа барып жүретінбіз.

Бүгін берекеліктер үшін қос қуаныш. Супермаркеттің төменгі қабатында “Қазақтелеком” АҚ Солтүстік Қазқстан облыстық телекоммуникация дирекциясының мобильді пункті ашылды. Мұндай орталықтардың саны ел бойынша 11, ал Петропавл қаласында жалғыз екен. Бұл жерде компания клиенттері түрлі кеңестер алып, қызметтер жайлы ақпарат ала алады.

Гүлжан Рахимова – “Қазақтелеком” АҚ СҚО ТД сату бойынша маманы:

– Бізде мұнда қызметтің кез-келген түрі көрсетіледі. Қазір жаңа бағдарламамыз бар. Оны да қосу мүмкінідігі бар.

Тамара Ковтун бүгін жаңа ашылған сервистік орталықпен танысуға келді. “Қазақтелеком” АҚ клиенті телефон байланысы қызметін пайдаланады. Зейнеткер енді барлық төлемдерді осында келіп жасайтын боламын дейді.

Тамара Ковтун – зейнеткер:

– Телефон үшін төлемді жасағанда барлық жерде 100 теңге комиссия алады. Зейнеткер болғандықтан осы жерде тегін төлеуге болады ма соны білуге келдім. Өте ыңғайлы. Қызмет құнын енді тек осы жерде төлейтін боламын.

Жалпы мобильді пункт дүйсенбі мен сенбі аралығында жұмыс істейтін болады.

 

Риат Шони