Энергетика

Жаңа жылдан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Бағаның өсуіне бірнеше себептер бар дейді монополист компания өкілдері. Ең алдымен электр энергиясын тасымалдау құны артқан. Тағы сараланған тарифтерді қолданудан монополистер шығынға батуда.

Мағауия Сағандықов- «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Электр энергиясын өндіру мен тұтыну кезінде айырмашылық үлкен. Сондықтан ол қосымша қаржы өсіміне әкелді. Тағы сараланған тарифті қолдануда шығынға батып жатырмыз. Бұдан бөлек, еңбеккерлердің жалақысын арттыру қажет. Құрылғылар алуға да қосымша қаржы бөлінуі тиіс.

Жалпы өңір тұрғындарын электр энергиясымен екі компания қамтамасыз етеді. Ол теріскейдің 5 ауданына жарық беріп отырған «Солтүстік Энерго Орталық» және «Севказэнергосбыт» кәсіпорындары. Қос мекеме қазір табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне жаңа тарифтерді бекіту туралы ұсыныс жолдап отыр.

Арман Өтегенов- СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:


–  Екеуі де тарифтерді өсіру туралы өтінім жасады. Олардың жобасы «Севказэнергосбыт» 2,5 пайызға, ал «Солтүстік Энерго Орталық» 6 пайызға өсірмек. Бұл өтінімдерді департамент қарастырады. Шешімді ай соңында қабылдайды.

Сөйтіп, жеке тұлғалар 1 квт электр қуаты үшін 12 теңге 94 тиын төлеп келсе, енді ол 13 теңге 19 тиын болмақ. Заңды тұлғалардың да қалталарын қамдағаны дұрыс.

 

Магжан Ахмадина