Әр түрлі

Жаңа жыл мерекесіне дайындық қызу жүргізілуде

Қазір шаһарымыздың 7 бірдей ауданында мерекеге орай сәні мен салтанаты жарасқан мұздан қалашықтар тұрғызылуда. Әсіресе, мұндай ауқыды жұмысты орталық алаңнан байқауға болады. Бұл жерде Аяз ата мен Ақшақар, түрлі-түсті мүсіндер және балаларға арналған бірнеше ойын сырғанақтары қаланыпты.

Дархан Айтпаев – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы:


–  Жаңа жылға дайындық жұмыстарымен 10-ға жуық жергілікті кәсіпорын айналысуда. Олар қазір істің біраз бөлігін аяқтады. Ал, қала көшелері мен саябақтарға түрлі-түсті әшекейлер ілінуде.

Тағы, орталық алаңда алыстан мен мұндалайтын шырша орнатылған. Оның биіктігі 18 метрді құрайды. Мерекелік шырша 60 мың жарық диодты шамдармен безендірілген.

Дархан Айтпаев – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы:


–  Қаламыздың вокзал маңы аумағында, Солтүстік жұлдызы саябағында, Тәуелсіздік стеласының алаңында және Хименко-Жәлел Қизатов көшелерінің қилысында шырша тұрғызылады. Ал, орталық алаңдағы шырша өзінің ерекше жарық диотты шамдарымен көрік бермек.

Жаңа жылды солтүстікқазақстандықтар да асыға күтуде. Олар мереке қарсаңында қаламыз құлпыра түседі дейді.

–  Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын қаламыз өзгеріп сала берді. Әсіресе, орталық алаң түрлі-түсті мүсіндермен толыққан.

– Орталық алаңда балаларға арналып бірнеше мұз қалашықтары тұрғызылыпты. Бұл, әрине жақсы. Балаларымыз енді осында келіп асыр салып ойнайды.

Айта кетейік, орталық алаңдағы шырша ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы атап өтілгеннен кейін іске қосылады. Яғни, желтоқсанның 18-і күні Жаңа жыл сәнінің шамдары салтанатты түрде жағылмақ. Тағы, жергілікті серіктестіктер де мереке қарсаңында қала көркін келтіруге өз үлестерін қоспақ. Олар өздерінің жұмыс ғимараттарын түрлі-түсті әшекейлермен безендіретін болады.

 

Байболат Құлтанов