Денсаулық сақтау

Петропавлда Елатом зауытының кезекті көрмесі өтті

Имантай Баженов – қала тұрғыны:


–  Маған “Теплон” деген аппараты ұнады. Оның насадкалары көп. Ауруды емдеп жазуға, балаларға және ересектерге жарайды екен. Енді соны көріп, сатып аламыз.

Ресейлік Елатом зауыты құрылғыларының ел нарығына түскеніне 15 жылдан астам уақыт өткен. Бүгін бұл медициналық жабдықтартұрғындардың зор сұранысына ие. Шипасы мол әрі сапалы аспаптарға 3 жылға кепілдік беріледі.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– «Алмаг-01 аппараты жүрек-қан тамырлары жүйесі, бронха, ішек-қарын жолы ауруларын емдеуге септеседі. Буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген адамдарға да пайдасы бар. Мәселен, иықтағы немесе шынтақтағы буындарға былай қолдануға болады. Ол магниттік импульстар арқылы емдейді. Сондай-ақ, омыртқаға да келтіріп үстіне жатуға болады. Бұл аппараттың құны – 37 700 теңге.

Шипасы бар тағы да бір құрылғы “Унилор” деп аталады. Құрылғы гайморит ауруын емдеуге көмектеседі. Ол үшін аппаратты 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет. Оның қазіргі бағасы – 21 600 теңге. Инсульт пен бас ауырғанда таптырмайтын “Диамаг” аппараттары бар. Ауырып қалсаңыз, үйде жатып-ақ, құрылғылардың көмегімен емделуге болады. Құны – 95 600 теңге.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– «Унилор аппаратын кез келген адам өз бетінше қолдана беруіне болады. Құрылғылардың арнайы сипаттамалары бар. Құлаққа, мұрынға немесе тамаққа арналған.

Қазір Елатом зауытының аппараттарын 20 пайыздық жеңілдіктермен желтоқсанның 15-і мен 27-і аралығында өңіріміздегі барлық “Сердечная” дәріханаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 33-15-55 телефон нөміріне қоңырау шалып біле аласыз.

Тогжан Акмагамбетова