МТРА жаңалықтары

СҚО ІД бастығы депутаттар алдында есеп берді

Жыл басталғалы облыста 8799 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 8 пайызға төмен. Биыл жасалған қылмыстарды түпкілікті ашу көрсеткіші де өскен.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Әсіресе, бұрынырақта жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға көп көңіл бөлінуде. Биыл жыл басынан бұдан бір жылдан артық уақыт бұрын жасалған 533 қылмыстың беті ашылды. Оның біреуі – 2002 жылы болған кісі өліміне қатысты, екеуі ауыр дене жарақатын келтіруге байланысты, 8 – ұрлық, 7 – бұзақылық, 17 – алаяқтық, 381 – ұрлық фактілері.

Кейін, халық қалаулылары солтүстікқазастандық полицияның материалдық-техникалық жабдықталуы мен кинологиялық қызмет, кавалерлік взвод және жедел басқару орталығымен танысты. Депутаттар учаскелік полицейлердің жұмысына қызығушылық танытып, аулалардағы қоғамдық тәртіптің қадағалануына тоқталды.

Владимир Бубенко – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы:

– Мен өңір полицейлері тарапынан үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын айтқым келеді. Әрқашан жоспар құрылып, түрлі бұзақылықтар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізіледі. Тыныштықты қамтамасыз етуде бұл оң пайдасын тигізуде.

Бүгінгі кездесуде келер жылы адам көп жүретін көшелер мен мектеп, балабақша маңдарына орнатылатын бейнекамералар санын арттыру керектігі айтылды.

Акбопе Танирберген