МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданының Новоникольское селосында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Қазір ғимарат қолданысқа тапсыруға толығымен дайын. Нысанның салтанатты ашылуына СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:


–  Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала бойынша өңірімізде бірқатар шаруа атқарылды. Елді-мекендерде амбулаториялар ашылды. Бүгінгі нысанда сіздердің, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға өз септігін тигізеді деген сенімдемін.

Бұдан соң, Айдарбек Сапаров Қызылжар ауданының Новониколськое, Соколовка және Бескөл ауылдарының дәрігерлеріне 3 медициналық жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

Кейін нысанның таспасы салтанатты түрде қиылды. Енді жаңа ғимаратта тұрғындарды 9 медициналық қызметкер қабылдайды. Оның ішінде жалпы тәжірибедегі дәрігер, педиатр, акушер мамандар бар.

Биғайша Қуанышпаева – Новоникольское селолық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері:

– Жыл сайын біздің елді мекенде бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Мәселен, 2014-ші жылы – 26 бала, 2015-ші жылы 31 сәби дүниеге келді. Оларды үнемі дәрігер бақылауында ұстау керек қой. Ата-аналар енді қалаға барып қаралмайды. Барлық керек жағдай, міне мына жаңа амбулаторияда жасалған. Бастысы, бәрі де талапқа сай.

Жаңа селолық дәрігерлік амбулаторияға Қызылжар ауданының 7 елді мекеннің тұрғындары келіп қаралады. Олардың жалпы саны шамаман 3700 адамды құрайды. 1400-і – Новоникольское селосының азаматтары.

Жанна Қасенова – Новоникольское селосының тұрғыны:


–  Менің екі қызым бар. Кәмелетке толмаған. Егер де денсаулыққа қатысты мәселе туындаса, бірден осы амбулаторияға келеміз.

Айту кету қажет, аталған әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына облыс бюджетінен 74 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

 

Айгерім Ержанова