МТРА жаңалықтары

Облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері марапатталды

Александр Давыдов – Облыстық балалар ауруханасының педиатр-дәрігері:


–  Мен жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилерді қараймын. Осы кезде балалар дұрыс сөйлемейді, қай жерлері ауыратының түсіндіре алмайды. Бірақ дәрігер оларға дұрыс диагноз қойып, емдеу керек. Бүгін көп жылдар бойғы еңбегімнің еленіп, бағаланғанына қуаныштымын.

Бүгін аурухананың 50 маңдайалды маманы “Нұр Отан” партиясы мен денсаулық сақтау басқармасының марапаттарына ие болды.

Виктория Долгополова – Облыстық балалар ауруханасының кардиоревматологиялық бөлімінің меңгерушісі:


–  Антына берік, денсаулық сақтау саласының дамуына үлестерін қосқан, көп жылдық еңбек өтілі бар дәрігерлердің еңбегі бағланып жатыр. Жас мамандар оларға қарап үлгі алады.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Бүгінгі таңда облыстық балалар ауруханасында 500-ге жуық маман жұмыс істейді. Оның 65-і дәрігер 207-і – медбике.

Тогжан Акмагамбетова