МТРА жаңалықтары

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Мәселен, биыл Астана-Петропавл бағытындағы тас жол жөндеуден өтті. Жыл басынан қол қусырып отырған 1 мыңға жуық жерлесіміз еңбекпен қамтылды. Сондай-ақ, “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында 311 елді-мекенде аббатандыру жұмыстары жүргізілді. Алға ілгерілеушілік білім саласында да байқалады. Елбасы тапсырғандай өңірде апаттық мектептер мен 3 ауысымдық оқыту мәселесі шешілді.

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы:


–  Бүгінде өңірде мектепке дейінгі біліммен балалардың 98 пайызы қамтылған. Ал орта білімде біз жаңартылған оқу жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 8 мыңнан астам оқушы осы стандарт бойынша оқып жатыр.

Сондай-ақ, кәсіби техникалық білім саласында дуалды оқыту жүйесіне көшу сұрақтары қолға алынған. Биыл өңірдегі 15 колледж аталмыш бағдарлама аясында жұмыс істеуде.
Жиында сөз алған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов Елбасы саясаты туралы баяндама оқып, егемендіктің құндылығын тілге тиек етті.

Кемел Оспанов – СҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы:


–  Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: “Тәуелсіздікті баянды ету, оған қол жеткізуден де қиын”-деп, айтқан. Мемлекетіміз нығайта түсу үшін бізге әлі талай күрделі жолдардан өтуге тура келеді.

“Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы” атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында барлығы 8 спикер сөз сөйлеп, ерлік пен елдіктің арқасында келген егемендікті сақтап қалу енді кейінгі ұрпақтың парызы екендігін айтты.

 

Риат Шони