Мәдениет

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева солтүстікқазақстандықтарға концерт берді

Сахна төрінде қалың елге таныс керемет туындылар орындалды. Репертуарындағы қазақ және орыс тілдеріндегі әндердің бәрін Роза Рымбаева жанды дауыспен шырқады.

Концерттік бағдарламаға 20 шақты туынды енген. Соның тең жартысына белгілі композитор Еркін Ынтықбав ән жазыпты. Сазгер Роза Рымбаеваның кешіне Алматыдан арнайы келіп қатысты.

Роза Рымбаева көрермендеріне көбінесе махаббат тақырыбындағы лирикалық жанрдағы әндерін орындады. Арасында қалжың айтып, көрермендердің көңілін көтеріп отырды.

Роза Рымбаеваның сахна төрінде ән айтып жүргеніне 40 жыл болып қалыпты. Тыңдарманын тамсандырған әншінің дауысын естуге келген жерлестеріміздің қатары қалың болды. Биік өнердің қадірін білетін көрермен Розамен әндерді қосыла шырқап, құшақ-құшақ гүл шоқтарын табыстап жатты.

– Концерт тамаша өтті. Жақсы әсер алдым.

– Роза Қуанышқызына бақыт тілеймін. Ұлдары аман болсын!

 

Берик Касен