МТРА жаңалықтары

Петропавлда №2 психология-педагогикалық түзету кабинеті ашылды

Ал қондырғылармен жабдықтаумен “Дара” қайырымдылық қоры және “Samruk-Kazyna trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қоры айналасқан. Барлық жұмыстар екі айдың ішінде тындырылған. Ел аумағында бұндай мекемелердің саны бүгінде 12 екен.

Марал Шешембекова – “Дара” қайырымдылық қорының жобалар жетекшісі, Астана қаласы:

– Келер жылы біз Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында дәл осындай орталықтарды ашуды жоспарлап отырмыз. Ал биыл екі өңірде аштық. Біз өз жағымыздан кабинетті жабдықтауға 20 млн теңгедей қаражат жұмсадық.

Бүгінде өңірде 4,5 мыңға жуық балғын осы сынды түзету кабинеттердің көмегіне мұқтаж. Оның 1300-ден астамы Петропавл қаласында тұрады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  Қазіргі таңда өңірімізде 14 түзету мектептері жұмыс істеп тұр. Оның екеуін біз осы жылы аштық. Беруі Тайынша ауданында болса, екіншісі Петропавл қаласында. Енді осындай орталықта сіздердің балаларыңыз сапалы білім алып, денсаулықтары жақсарсын деп тілеймін.

Ғимараттың есіктері кең, табалдырықтары жоқ. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба көтергіш те қарастырылған. Негізі №2 психология-педагогикалық түзету кабинетінде 7 бөлме бар.
Мұндағы 7 маман балалармен түрлі бағытта жұмыс жасайды. Оның негізгілерінің бірі “Монтессори” деп аталады. Бағдарламаның ерекшілігі, ол баланың жеке қабілетін ашуға бағытталған.
Жалпы бұл – жыл басынан Петропавл қаласында ашылған екінші түзету кабинеті. Игі істердің жасалынып жатқанына ата-аналар да қуанышты. Бастысы мұндағы қызметтердің барлығы тегін.

Дина Жапарова – ата-ана:


–  Менің Таласбаев Әлихан деген 6 жасар ұлым бар. Ол осыған дейін басқа түзету мекемесіне барып жүрген. Енді емін осында жалғастыратын болады. Облыс басшылығына шексіз алғысымды айтамын.

Шара соңында мұндағы балалар шағын концерт ұйымдастырып, облыс әкімімен бірге естелікке суретке түсті.

 

Риат Шони