МТРА жаңалықтары

Өңірде 12 сауда нүктесінде тауарлар талапқа сай болмай шықты

Айгүл Құсайынова – СҚО бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы

– Тексеріс барысында тауардың біразында салмағы қаптамадағы жазумен сәйкес келмейтіндігі анықталды. Көбінесе Ресейден импортталған өнімдерде салмақ жетіспеушілігі көп байқалды. Бүгінде сол өнімдерді өткізген дүкен қожайындарына жалпы сомасы 500 мың теңгенің айыппұлы салынды.

Сапасыз тауар алған тұтынушы департаментке жазбаша түрде шағым қалдырғаны абзал. Өйткені, телефон арқылы түскен арыз негізінде мамандардың кәсіпорындарды тексеруге заң жүзінде құқығы жоқ екен. Қазіргі таңда елімізде тауар сапасына талап күшейтілуде. Себебі, Қазақсатн бүкіләлемдік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ сында бірнеше халықаралық ұйымдарға мүше болды.

Ләзат Кенжетаева – «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ СҚОФ директоры:

– Тауарлардың сапасына қатысты Қазақстанда барлығы 68 мың нормативтік-құқықтық құжат бірыңғай мемлекеттік қорға енгізілді. Соның 6 мыңдайы – ұлттық стандарттар. Ал қалғаны Ресей, Ұлыбритания, Германия елдерінен алынған. Кәсіпкерлер өздеріне қажетті құжатты арнайы интернет дүкеннен сатып ала алады.

Бүгінде “Петропавл ауыр машина жасау зауыты”, “Блок” сынды 5-ке жуық жетекші кәсіпорындарға халықаралық стандарттар енгізіліпті. Ол жергілікті тауарды шетелдерге еш кедергісіз жөнелтуге мүмкіндік береді екен.

Берік Қасен