МТРА жаңалықтары

Облыстық мәслихаттың VIII сесиясы өтті

2017 жылы теріскей қазынасы керегіне- 156 млрд теңгеден астам соманы жұмсамақ. Оның негізгі бөлігі әрине әлеуметтік саланы дамытуға бағытталады. Білім беруге – 47 млрд 353 млн теңге бөлінбек.

Ескен Әкімжанов- СҚО қаржы басқармасының басшысы:

– Денсаулық сақтау саласына- 2017 жылы 2 млрд 379 млн теңге, ал мәдениет саласына 2 млрд 771 млн теңге бағытталмақ. Берілетін қаржы нысандарды қалыпқа келтіруге, жаңа құрылғылар алуға жұмсалмақ.

Бюджеттің жұмсалуын халық қалаулылары бірауыздан қолдады. Тағы сессия барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 3-ші бағытының орындалу барысы сөз болды. Мүлікті түгендеу жұмыстары барасында өңірде мақсатсыз пайдаланып келген 278 мың га жер анықталған. Олар бүгіндері жермен жұмыс істейтін жандарға үлестіріліп берілді. Жалпы жыл басталғалы мемлекет меншігіне 711 мың га жер қайтарылыпты. Атышулы «Богви», «Трансавто» серіктестіктерінен жерді қайтару жұмыстары жалғасуда. Теріскей соңғы кездері инвестиция тартуда да алдына жан салмай келеді.

Әрсен Қазбеков- СҚО экономика басқармасының басшысы:


–  2016 жылдың басында алғашқы инвесторлар кеңесін өткіздік. 6 меморандум жасастық. Тағы жыл соңында «Қызылжар инвест – 2016 » халықаралық форуммын өткізіп, 207 млрд теңгенің 22 келісімшартына қол жеткіздік. Өлкемізге инвестиция тарту жұмыстары әрі қарай да жалғасатын болады.

Бұдан соң жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағанов сөз алып, тұрғындар базынасын жеткізді. Ауыр дертке шалдыққан 20-дан астам солтүстікқазақстандық тегін берілетін дәрі-дәрмекке мұқтаж екен. Олардың арасында балалар да бар. Бұл мәселені депутаттар оң шешуге уәделесті.

 

Магжан Ахмадина