Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық кәсіпкерлер форумы өтті

Келесі жылдан бастап елімізде “Нұрлы жер” бағдарламасы жүзеге асырылады. Осы ретте аймақ басшысы өңір кәсіпкерлерін бағдарлама аясында жасалатын жобаларға қатысуға шақырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Бүгін “Нұрлы жер” бағдарламасын қарастырдық. Аталмыш бағдарлама аясында жеке тұрғын үйлер салынады. Оған инженерлік желілер мемелкет қаражаты есебінен тартылып беріледі. Баспананы салатын мердігерді жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Жеке тұрғын үйдің шаршы метрі 100 мың теңгеден аспауы тиіс. Осы бағытта сіздерге ойланып көруге болады.

Өңірде 28 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар.
Бизнесмендер “Бизнестің жол картасы”, “Жұмыспен қамтудың жол картасы”, “Сыбаға” бағдарламаларына белсенді қатысуда.

Ратмир Ахметов – облыс әкімінің орынбасары:

– Бүгінде әрбір үшінші өңір тұрғыны осы салада жұмыс істейді. Соңғы 6 жылда мемлекет қолдауының арқасында аймағымызда 15 мың жұмыс орны сақталып, қосымша бірнеше мыңдаған адам екі қолға бір күрек тапты.

Осы ретте өңір жетекшісі келешекте бал шаруашылығымен айналысқандардың да ісі өрге домалайды деді. Өңірімізде жас кәсіпкердің саны 2000-ға жетіпті. Албина Қайырбекова ісін биыл ғана ашыпты.

Альбина Қайырбекова – жеке кәсіпкер, Тайынша ауданы:


– Мен биыл киімдерді тігу ісімен айналыса бастадым. Білікті кадрлар табап алмай жүрмін. Соған мемлекеттік орган өкілдері көмек берсе деймін.

Қаржы ұйымдарының мамандары жас кәсіпкерлерге туысқандарын бизнеске тартуға кеңес берді. Форум аясында «Үздік кәсіпкер» өңірлік байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталды. Конкурс «Ең үздік жас кәсіпкер”, “Үздік әйел кәсіпкер” аталымдары бойынша өтіпті.

Гульфия Омарова – жеке кәсіпкер, Айыртау ауданы:


– Бізде отбасылық бизнес. Анам екеуіміз гүлдердің түр түрін өсіреміз. Бұл істен пайда көп. Тек түн ұйқыңды төрт бөліп өсімдіктерді балаша күтуге дайын болуың керек. Біз тағы екі жанұяны жұмыспен қамтып отырмыз. Келесі жылдан бастап бөлмелік гүлдерді өсіруді қолға аламыз.

Салтанатты жиында “Өндіріс саласындағы” және “Сервистік қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкерлер анықтылды. Бұл күні қаржыгерлердің де еңбегі еленді.

Берік Қасен