МТРА жаңалықтары

М.Жұмабаев ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Ерекшелігі – көмір мен ағашсыз жанып, ауаны түтінімен ластамайды. Мұндағы жұмысшы пешке мынадай нығыздалған шөпті салып отырады. Оның 250 келі болатын біреуі 2,5 сағат жанады. Мал жемейтін жарамсыз шөп далада қалмай осылай іске жарап жатыр. “Абижер” серіктестігі жүзеге асырған жобаның құны – 36 мың эуро.

Ал мынау – Булаев қаласындағы Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжінің жанынан ашылып отырған жатақхана. 60 студентке шақталған. 25 жыл бойы есік терезесіз қаңырап бос тұрған ғимарат 2,5 айдың ішінде қайта қалпына келтірілген. Енді, өзге ауылдардан келген студенттер қысқы демалыстарынан кейін осында қоныстана бастамақ.

Ермек Бәкіров, Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжінің директоры, М.Жұмабаев ауданы:

– Колледжде 154 студент білім алады. 40 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлініп, жатақхана қалпына келтірілді.

Бүгін бұл қос нысанмен Еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Светлана Шубина танысты. Мейман бас сұққан келесі нысан орталық аудандық аурухана. Биыл емдеу мекемесінің бас ғимаратына түпкілікті жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол үшін ел қазынанасынан 71 млн, облыстық бюджеттен 8 миллион теңге бөлініпті.

Валерий Уваров, Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– Аудандағы барлық ауылдық округтерге қызмет көрсетеміз. Аурухана 500-ден артық адам еңібектенеді. Оның 47-і жас маман. 31 бірлік техникамыз бар. Құрлығыларымыз да жаңа.

Кейін еліміздің электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры мұндағы қызметкерлерге үш жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Техникалар облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алынған.

Кейін ауданға іс-сапармен келген мейман Булаево қаласындағы тарихи-өлкетану музейіне соқты. Мына қабырға ҰОС боздақтарына арналған. М.Жұмабаев ауылынан майданға 10 мың жігіт аттанып, бүгінде оның 4-нің ғана көзі тірі екен. Мұнда бұл суреттерден бөлек, тарихты айғақтайтын 4000-нан артық жәдігер сақталған.

Фариза Досанова, М.Жұмбаев ауданының тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Бізде 5 зал бар. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ашылдық. Мирек жәдігерлер сақталған.

Мейманға аудандағы қол өнер шеберлері мен кәсіпкерліктердің өнімдері де таныстырылды. Мына көрмеге ауданда пісірілетін нан мен тәттілер, шұжық және сүт өнімдері қойылған. Жалпы, М.Жұмабаев ауданында 1110 кіші және орта бизнес субьектісі бар.

Ростислав Пальчик “Пальчик” ЖК директоры міндетін атқарушы, М.Жұмабев ауданы:

– Тұрғындардан сүт сатып аламыз. Кейін оны өңдеп сүт өнімдерінің 15 түрін жасаймыз. Бизнесімізді тағы кеңейтіп жаңа цех салудамыз. Қосымша жұмыс орындары пайда болады. Биыл 150 млн теңгенің тауарын өндірдік.

Кейін Булаево қаласындағы мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында аудан әкімі Асқар Бегманов бірқатар азаматтарға өңір дамуына қосқан үлестері үшін марапат табыстады.

Қайрат Елубаев, М.Жұмабаев ауданының құрметті азаматы:

– Қуанышытымын. Бұдан былай да өз туған ауданымның дамуына үлес қосқым келеді.

Бүгін облыс және аудан әкімінің алғыс хаттары мен құрмет грамотасына 45 жұмабевтық азамат ие болды.

 

Акбопе Танирберген