МТРА жаңалықтары

Мамлют ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өтті

Ақмәди Сарбасов – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы:


– 25 жылдың ішінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамуда. Соңғы жылдары қазақстандықтардың денсаулықтарын жақсартуға бөлінетін қаржы сомасы 5 есе өскен. Нәтижесінде, халықтың өмір сүруі 4,4 жылға ұзарды.

Бұл күні ауылдың гүлденуіне үлестерін қосқан 3 қарияға “Мамлют ауданының құрметті азаматы” төс белгісі табыстады.

Аманжол Нұртаев – Облыстық ардагерлер кеңесінің бас маманы:


– Тәуелсіздіктің қарсыңында Мамлют ауданы маған “Құрметті азамат” атағын беріп отыр. Бұл менің ғана еңбегім емес, менімен 28 жыл еңбек еткен қатарлас әріптесатерімнің еңбегі деп есептеймін.

Сондай-ақ, бұл күні ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген азаматтардың да еңбегі бағаланды.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Тогжан Акмагамбетова