Құқық қорғау органдары

ІІД Госпиталінде 2 жаңа сауықтыру залы ашылды

Есілбай Құсбеков – ІІД зейнеткері:


– Бізге көңіл бөліп жатқандары рахмет. Мұнда ем алып жатқан емделушілер, жігітер бәрі риза.Ойлаймыз енді осыдан кейін аттай шауып шығамыз деп.

ІІД Госпиталі қабырғасында ашылған емдік дене шынықтыру залында өңір жетекшісінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров болып, құрылғылардың сапасын байқады. Қарттармен тілдесіп, оларды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:


– Облыс әкімі Ерік Хамзаұлының атынан шын жүректен келе жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Тәуелсіздік шынымен де ата-бабаларымыз аңсап кеткен, көре алмай кеткен. Біз бақытты ұрпақпыз. Осының бәрін көріп, елдің дамуына үлес қосып жүргенімізге.

Сондай-ақ, мұнда сауықтыру және оңалту палатасы ашылды. Жалпы бұл бөлмелерді заманауи құрылғылармен жабдықтау үшін 3 млн теңге жұмсалған. Айта кетсек, полицейлерге арналған госпиталь 1993 жылдан жұмыс істеп тұр, мұнда 30 жатын орындық терапиялық бөлімше бар.

Тогжан Акмагамбетова