МТРА жаңалықтары

СҚО-тық соты мен “Сот тілшілерінің гильдиясы” ҚБ меморандум жасасты

Жиында облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов осы келісім-шарт сот журналистикасының дамуына және соттар мен БАҚ-тың өзара әрекет етуіне жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді. Ал тілшілер сот жұмысын халыққа заң аясында дұрыс жеткізу міндетін алды.

Ерлан Тоқшылық – «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының директоры, «Қазақстан журналистер одағы» СҚОФ төрағасы:


– Елбасымыз жақында республикалық судьялар съезінде сот жұмысы, сот процесі халық алдында ашық болсын деп тапсырма берген болатын. Сот жүйесінің қызметкерлері бұл ашықтықты журналистермен тығыз қарым-қатынастың арқасында қамтамасыз ете алады. Шүкір, қазіргі таңда облыстық сотттың баспасөз қызметі тілшілермен өте жақсы жұмыс жасайды. Сұратқан ақпаратты қысқа мерзімнің ішінде журналистерге ұсынатыны мені қуантады.

Сонымен қатар, осы күні журналистика саласында көп жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтарға «Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігіне – 25 жыл» мерекелік медалі табысталды.

Салтанатты жиында тілшілер жұмысы байқауының қорытындысы жарияланды. Жыл бойына сот қызметін өз мақалалары мен сюжеттерінде сапалы жеткізгендеріне сыйлық үлестірілді.

Берік Қасен