МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Мұнда оларға жауынгерлердің жатын орындары таныстырылды. Кең бөлмеде қаз-қатар тізілген екі деңгейлі кереуеттер, тумбочкалар мен орындықтар қойылыпты. Тағы, жиналғандар сарбаздардың жеңіл киім-кешегін қарап, кейін асханаға бас сұқты.

Бұдан соң жиналғандарға әскери қару-жарақ түрлері мен Ұлттық ұланның әр жыл мезгіліне сай тігілген формасы көрсетілді. Мұның бәрі ата-аналар үшін қызықты болды. Бауыр еті баласы үшін алаңдайтын олар ұлдарының аман-есен Отан алдындағы борыштарын өтеп, орталарына оралуын қалайды.

Балғат Жазитов – ата-ана:


– Балам бүгін әскерге кетіп бара жатыр. Оның аман-есен отан алдындағы парызын өтеп, келуін қалаймын.

Немересін әскерге шығарып салуға келген 76 жастағы Үміт Оразалинаның бұл жердегі жағдайға көңілі толды.

Үміт Оразалина – ата-ана:


– Мұнда барлығын араладық. Өзіме ұнады.

Сонымен қатар, бұл күні 53 солтүстікқазақстандық жігітті Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Енді, тепсе темір үзетін жігіттер Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімінде қызмет ететін болады.

Архат Тәттімбетов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

 


–  Біз әскерге бараларын жібергелі жатқан ата-аналардың көңіл күйлерін түсінеміз. Сондықтан оларды әскери өмірмен таныстыру үшін ашық есік күнін өткізіп отырымыз.

Жалпы, осы жылғы күзгі әскерге шақыру маусымында 300-ден аса теріскейлік жас әскер қатарына алынбақ.

Байболат Құлтанов