МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Тәуелсіздік демократиялық мемлекеттің басты құндылығы” атты конференция өтті

Ол жиналғандарға елімізде айрандай ұйыған түрлі ұлттардың бірлігін мақтанышпен айтып берді. Мемлекеттің дамуына тұрғындардың ауызбіршілігі мен отансүйгіштігінің тигізер пайдасы мол дейді, – Наиль Салимов

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Президентіміз еліміздегі 17 млн халықтың барлығы Қазақстан халқы ассамблеясы құрамына кіреді деді. Шынымен де бұл солай. Қазір біздің мемлекетте ұлттардың бір шаңырақ астында өмір сүрулеріне бар жағдай жасалуда. Енді, халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы керек. Бұл біздің міндетіміз.

Ал, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева еліміздегі Қазақстан халқы ассамблеясының тарихын баяндады. Ол әсіресе құқықтық және әлеуметтік маңызды даталарға тоқталды.

Гүлбақша Мұсабаева – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшы тобының жетекшісі:

– 2008 жылдың 20-шы қазаңында Қазақстан халқы ассамблеясы туралы заң бекітілді. Осы күннің бастап Қазақстан халқы ассамблеясы өзін құқықтық-әлемуметтік институт деп бекітті.

Жалпы, жиында 5 спикер сөз алды. Олар шарада қаламыздағы бастауыш партия ұйымының және облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне еліміздің 25 жылдың ішінде жеткен жетістіктерін әңгімеледі.

 

Байболат Құлтанов