Мәдениет

Петропавлда облыстық студенттер арасында вокалдық конкурс өтті

Сайыс ережесіне сай өнерпаздардың барлығы өңіріміздің колледждары мен университетінде оқиды. Олардың ешбірі кәсіби әнші емес. Кеште талантты ұл-қыздар қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі патриоттық әндерді құлақтың құрышын қандыра шырқады.

Айта кеткен жөн, конкурста әншілер жанды дауыста өнер көрсетті.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» жастар қанатының Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:


– Байқауға облыстық таланетты жастары қатысуда. Бүгін тамаша кеш болады деп отырмыз.

Байқауға Темірлан Елеусізовпен Қылышбек Сапарғали да қатысуда. ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының 3 курс студенттері конкурста Қайрат Нұртастың “Алға, Қазақстан” әнін орындады.

Жас жігіттер 1 кезеңді сүрінбей өткен. Енді, олар байқауда жеңіске жетуді ойлайды.

Темірлан Елеусізов – ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының 3 курс студенті, байқауға қатысушы:

– Өзімізге бұл ән ұнайды. Бұл әнді түрлі байқауларда орындау жүрміз.

Кеш соңында “Studvision-2016” байқауының жеңімпаздары анықталды. 1-ші орын иегеріне теледидар, ал екінші жүлдегерге музыкалық ойнатқыш. Үшінші орын иеленген өнерпазға пленшет тарту етілді.

 

Култанов Байболат