МТРА жаңалықтары

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Қазақстан: жасампаздықтың 25 жылы” атты шара өтті

Бүгінде ол М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де тарих пәнінен сабақ береді. Студенттерге дәріс оқу барысында тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның дамуы жайында жиі әңгімелейді екен. Жас маман қазір жастарға сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлардың жасалғанын атап өтті.

Әсемгүл Темірханова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:

– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы жастардың қолында деген болатын. Қазіргі таңда жастарға бірқатар білім алуына мүмкіндіктер жасалған, тегін білім алуына. Сондай-ақ, студенттер мен магистранттар білімін жоғарылату үшін , тереңдету үшін шет елдерде тәжірибе ала алады.

Шара барысында тарихшыларға, үздік мұражай қызметкерлеріне облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және “Нұр Отан” партиясының жергілікті филиалының Алғыс хаттары табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында облыстықтық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі Гүлжауһар Сәдуақасова да бар. Нәзік жандының осы салада еңбектеніп жүргеніне 12 жыл болған.

Гүлжауһар Сәдуақасова – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Жалпы осы ҚР 25 жылдығына арналған іс-шаралар біздің музейде өтіп тұрады.Осыған ат салысқаным үшін менің еңбегімді елеп, мені марапаттап отыр. Алғысымды білдіремін.

Жиын соңында іс-шараға қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы “Болашаққа ұмтылған Қазақстан” көрмесімен танысты.

 

Тогжан Акмагамбетова