МТРА жаңалықтары

«Арыстан» мамандандырылған лицейіне оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізілуде

Мұнда 14 пен 17 жас аралығындағы оқушылар әскери тәртіпке бейімделіп, математика, физика, информатика пәндері мен ағылшын және қазақ тілдерін тереңдетіп оқиды. Қазір аталмыш білім беру кешенінде 340 курсант білім алуда. Оның ішінде солтүстікқазақстандық жасөспірімдер де бар.

Таңсық Абылов – «Парасат» мектеп-лицейінің АӘД пәнінің мұғалімі, Қызылжар ауданы:

– Жыл сайын “Арыстан” мамандандырылған лицейіне “Парасат” мектеп-лицейінен оқушылар түсіп тұрады.

«Арыстан» мамандандырылған лицейі осыдан 5 жыл бұрын ашылған. Жылда бұл білім ошағына жүздеген балалар келіп, оқуға түсуге талаптанады. Алайда жыл сайын лицейді бітірген 80 түлектің орнына 80 жасөспірім ғана қабыладанады. Курсанттардың дені Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан жиналады. Ал солүтсіктен келетіндер саны аз. Сондықтан аталған лицей бастығының орынбасары Әбсаттар Иванов Петропавлға келіп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Әбсаттар Иванов – «Арыстан» мамандандырылған лицейі бастығының орынбасары, Алматы облысы

– Солтүстіктен бізде курсанттар саны аз.

2011 жылдан бері «Арыстан» мамандандырылған лицейінен 6 СҚ-қ түлек ұшқан. Қазір олар Беларусь,Ресей және Қытай сынды мемелекеттер мен Қазақстанның беделді әскери оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

Әбсаттар Иванов – «Арыстан» мамандандырылған лицейі бастығының орынбасары, Алматы облысы:

 

– Біздегі білім алған солтүстікқазақстандық курсанттар өте тәрбиелі келеді.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Арыстанға» түсуге ниет білдірген балалар түрлі кезеңнен тұратын сыннан өтеді. Олар бірнеше пәннен тест сұрақтарына жауап беріп, спорттан сынақтар тапсырады. Емтиханнан сүрінбей өткендер аталмыш білім ордасына қабылданады. Айта кеткен жөн, оқуға қабылдау кезінде әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға жеңілдіктер беріледі.

Айгерим Ержанова