МТРА жаңалықтары

Өңір полицейлері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап мерекелік флешмоб ұйымдастырды

Виктор Букреев – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– Бұл іс-шараны өткізу идеясын Тәуелсіздік құрдастарының өздері ұсынды. Ал басшылық әрине келісімін беріп, оларға қолдау көрсетуде. Мерекелік флешмобқа тек қана 25 жастағы полицейлер қатысуда. Барлық жерлестерімізді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.

Кейін плацқа полиция қатарында қызмет ететін Тәуелсіздік құрдастары шықты. Олар ортда 25 санын бейнелеп, көкке сарылы-көк түсті шарларды ұшырды. Осылайша жас тәртіп сақшылары жерлестерін айтулы мерекемен құттықтады.

25 жасар Ернар Қожабек қалалық ІІБ-на осыдан 1 жыл бұрын орналасқан. Аз уақыттың ішінде ол әріптестерімен бірге біраз қылмыстың бетін ашуға септесіпті.

Ернар Қожабек – Петропавл қ. IIБ тергеушісі:

– Қазіргі таңда ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай түрлі шаралар ұйымдастырудамыз. ІІБ-нда жұмыс істеймін.Осы салада қызмет жасап жүргеніме 1 жыл болды. Біз қылмысты алдын алуға әрқашанда дайынбыз.

Мерекелік флешмобқа 25 жастағы 80 тәртіп сақшысы қатысты.

 

Айгерим Ержанова