Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жыл соңына дейін Петропавлда 126 пәтерлі тұрғын үй іске қосылады

Жалпы “Нұрлы жол” бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту үшін халықаралық қаржы ұйымдарының ақшаларын тарту болып табылады.

Әділбек Әубәкіров – СҚО ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысының орынбасары:

– Петропавл қаласында сумен жабдықтау және су тарту жүйесін қайта жаңғырту мақсатында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен 2,2 млрд теңге займ алынды. Сонымен қатар, жобаны қосымша қаржыландыру үшін облыстық және республикалық бюджеттен 1 млрд 650 млн теңге ақша бөлінді. Енді аталған жоба аясында ұзындығы 30 шақырым болатын сумен жабдықтау, 10 шақырымдық су тарту жүйесін алмастыру жоспарланған.

Сонда, “Нұрлы жол” бағдарламасы мен Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен алынған займдардың арқасында 2020-шы жылға қарай сумен жабдықтау жүйесінің тозуы 72-ден 60-қа, су тартудыкі 62-ден 50 пайызға дейін төмендемек.
Жыл басынан Петропавлда “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 5 көпқабатты үй қолданысқа тапсырылыпты. Ал жақында 126 пәтерлі тағы бір баспана іске қосылмақ. Жалпы жыл соңына дейін 1011 пәтерді тұрғындарға беру жоспарланған дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Владислав Лукин.

Владислав Лукин – СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Ағымдағы жылы 2015-2019-шы жалдарға жоспарланған “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 3 білім беру нысаны мен тұрғын-үйлердің құрылысына және оларды сыртқы инженерлік желілермен жабдықтауға, аулаларын аббаттандыруға Ұлттық қордан 7,7 млрд теңге бөлінді. Қосымша облыстық бюджет 1,1 млрд теңге берді. Оның 6,4 млрд теңгесі игерілді. 3 білім беру нысаны мен тұрғын-үйлер қолданысқа тапсырылды.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері спикерлерге өз сұрақтарын жолдап, оған тұшымды жауап ала алды.

 

Риат Шони