МТРА жаңалықтары

“Дипломмен ауылға” бағдарламасының орындалуы

Айнұр Гайсина, Қызылжар аудандық орталық ауруханасының медбикесі:

– ЖҰмысым өзіме ұнайды. Жұмысыма жақын үй алдым. Барлығы жақсы.

Ал, Айнұр Шакеева болса осы Бескөл ауылындағы БЖСМ-де 8-10 жас аралағындағы оқушыларды үстел теннисінен жаттықтырады. Ол да “Дипломмен ауылға” бағдарламасының шарапатын көріп отыр. Мемлекет тарапынан 140 мың теңге көтермеақы мен үй алу үшін 3 млн теңгеден артық қаржыға ие болған.

Айнұр Шакеева, Қызылжар аудандық БЖСМ теннистен жаттықтырушысы:

– Бағдарлама өте тиісмді. Шарапатын көрдім.

Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған екі маман да алдағы уақытта Бескөл ауылындағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Олардың баспаналарына берілген қаржы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінген. Енді олар бұл қаражатты мемлекетке 15 жылдың ішінде біртіндеп қайтаратын болады.

Азамат Жанбеков, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ ауылдық ипотека бойынша маманы:

– Мемлекет «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарға баспана алу немесе тұрғызу үшін бюджеттік кредит ретінде жылдық пайыздық мөлшерлемесі 0,01 пайызбен несие қарыз береді. Бұл бағытта 2010-2015 жылдар аралығында өңірде жалпы көлемі 2,1 млрд теңге болатын 1074 займ берілген, Оның ішінде ең көп алатындары -Айыртау, Ғ.Мүсірепов және Қызылжар ауданының азаматтары.

Айта кетейік, биыл Қызылжар ауданында аталған бағдарлама аясында 11 маман жұмыспен қамтылып, 31 млн теңгенің займын алыпты.

 

Акбопе Танирберген