Құқық қорғау органдары

Облыс аумағында “Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы өтті

Эльмира Абушева – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы:

– Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы елімізде желтоқсанның 2-сі мен 6-сы аралығында өтті. Шара аясында біз жол қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздедік. Және жол апатынан мүгедек болып қалған балаларға назарларын аудартқымыз келді.

Сондай-ақ, ІІД-нің қызметкерлері “АРДОС-Жүрек” ЗТБ мүгедектер бiрлестiгiнің өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығындағы жарымжандарға арналған автотұрақтар орналасқан жерлерді тексеріп шықты. Жүргізушілерге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарға көліктерін қоймауды ескерті.

Сабина Ахмулина – “АРДОС-Жүрек” ЗТБ мүгедектер бiрлестiгiнің өкілі:

– Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы үшін барынша қолайлы жағдай туғызу керекпіз. Мұны 12 мүшесі сау адамдар мен жүргізушілер түсінуі керек. Біз акция аясында автокөлік иелеріне жадынама парақшаларын таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.

Жыл басынан бері қалада мүгедектердің көлігі тұратын орынға өз көлігін қойғаны үшін 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартыған. Осындай құқықбұзушылық жасағандарға заң бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Берік Қасен