МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақжар ауданында болды

Есілбай Қожұлдақов – “Қожұлдақов” ЖК директоры, Ақжар ауданы:

– Сүтті қолға алдық. Осы ауылдан және маңайдағы ауылдардан жинаймыз.Қарашіліктен, Талшықтан, 2-4 ауылдан сүт жинаймыз. Қазіргі жағдайда сүт аздау болып тұр. Жұмасына екі рет саламыз. 200 литрдей жиналады. Ендігі жұмыс көктемде кетеді деп ойлаймын. Өндейтініміз қаймақ, сары май, ірімшік, құрт. Осы сүт өнімдері.

Осындағы шаруаның барысымен танысқан облыс әкімі цехтың жұмысына жоғары бағасын берді. Қыста сиырлар сүтті аз бергендіктен қосында өнім аптасына екі рет қабылданады.
Кейін, өңір жетекшісі ауылдағы 80 орынға шақталған «Балапан» балабақшасына соқты. Бұл нысан күрделі жөндеуден өтіп, қайта қолданысқа берілген екен. Ерік Сұлтанов ұжымға теледидар тарту етті. Ал, кішкентай бүлдіршендер болса қонақтарға өнерлерін көрсетті.

Бұдан соң, облыс әкімі Қулыкөл ауылындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты. Бұл жерде Қазақстан халқы үшін орны бөлек мерекенің маңызына тоқталып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік, кез келген халық үшін аса құнды ұғымдар деген болатын. Еліміз 25 жылдың ішінде зор табысқа жетті. экономикалық қуаттылығы артып, әлемдегі елдердің арасында беделді мемлекетке айналды. Осы мерекені СҚО оң нәтижелермен қарсы алып отыр.

Шара барысында ел дамуына өз үлестерін қосқан бірқатар ауыл азаматтарына облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Марапатқа қол жеткізгендердің бірі – Қарашілік ауылының медбикесі Жанар Саттарова. Нәзікжанды дипломын қолына алған күннен өз туған ауылына келіп еңбек етуде.

Жанар Саттарова – Қарашілік ауылының тұрғыны, Ақжар ауданы:

– Жағдайымыз жақсы. Бұрынғымен салыстырғанда дәрі-дәрмек,барлығы жеткілікті. Жедел-жәрдем көлігіміз бар. Қулыкөл ауылымен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Менде 14 жасқа дейінгі 98 бала бар.Ал, 1 жасқа дейінгі 3 бала.

Мерекелік шарадан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов ауыл азаматтарымен жиын өткізді. Кездесуде өңірдің дамуы мен атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгіме өрбіді.

Сүйіндік Шәрімов, Қарашілік ауылының тұрғыны, Ақжар ауданы:

– Мынау мінекей, бізде қандай жақсы нәтижелер болып жатыр. Балабақша берілді. ауылымызға 90 бала сиятын. Міне, Қарашілік ауылынан келіп балалар жүріп жатыр, ойнап жатыр.

Жиын барысында келер жылы өңір жолдарын жөндеуге бөлінетін қаржы мөлшері артатыны айтылды. Одан бөлек, Қулыкөл ауылындағы мектептің терезелері де жаңартылмақ.

 

Тогжан Акмагамбетова