МТРА жаңалықтары

ҚР Прокуратурасына – 25 жыл

Олардың көтерген мәселелері бойынша қабылданған шаралар да аз емес. Биыл Солтүстік Қазақстан облыстың прокуратурасының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қадағалаушы орган өкілдерін төл мерекелерімен өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың атынан орынбасары Антон Федяев құттықтады.

Антон Федяев – СҚО әкімінің орынбасары:

– 1991 жылдың 6-шы желтоқсанында елімізде прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылды. Биыл аталған қадағалау органына ширек ғасыр толды. Айтулы дата ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, барлықтарыңызды қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта осы алған беттеріңізден таймай, жемісті еңбек етулеріңізге тілектеспін.

Бұдан соң бірқатар азамат адал еңбегі мен заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Бақытжан Сәдібеков прокуратура органдарына осыдан 13 жыл бұрын қызметке тұрған. Алғашқы еңбек жолын ол Қызылорда облысынан бастапты. Кейін солтүстік өңірге жұмыс бабымен ауыстырылған. Содан бері Бақытжан Сәдібеков өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Тіпті, бірнеше мәрте жоғары марапатқа ие болған.

Бақытжан Сәдібеков – СҚО прокуратурасы 2-ші басқармасының бастығы:

– Уақытынан бұрын аға әділет кеңесшісі Сыныптық шені берілді. Бұл шен негізінде 2017 жылы алуым керек еді.

Айту керек, бұл күні 20-ға жуық прокурор мерейтойлық медальмен, 6-уы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және тағы соншасы аймақ басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Саян Асқаров – Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы:

– Бүгін мен адал еңбегім үшін медальмен марапатталдым. Еңбегіміз бағалғанына қуаныштымын. Төл меркеміз құтты болсын.

Гүлайым Жакупова – Облыстық прокуратура аппаратының бас маманы:

– Барлық әріптестерімді прокуратура күнімен құттықтаймын. Еңбектері жеміситі болсын.

Биыл аталған орган қызметкерлері 16 мың солтүстікқазақстандықтың құқығын қорғап, 3 мың жерлесіміздің уақытылы төленбеген жалақысын қайтаруға септескен. Сонымен қатар, мемлекетке 1 млрд теңге кіріс келтірген.

 

Айгерим Ержанова