МТРА жаңалықтары

Петропавлда ПИК төрағалары марапатталды

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Қазір Петропавлда 1048 көпқабатты үй бар. Оның ішінде 627 басқару формасы жұмыс атқарады. ПИК Төрағалар Кеңесі де өз міндетін жақсы орындап келеді. Соңғы жылдары мемлекеттік “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы”-на 160 үй қатысқан. Ал, 430 баспанаға жылу есептеу құрылғылары орнатылған.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыс орталығының гүлденуіне сүбелі қосқан ПИК-нің төрағалары марапатқа ие болды.

Күшқайрат Құсайыновқа төрағалық міндет осыдан 5 жыл бұрын жүктеліпті. Қазір оның қарамағында Жәлел Қизатов көшесінде орналасқан 4 үй бар. Бүгінде «Таң-Нұры Петропавл» деп аталатын кооператив – облыс орталығындағы ең үлгілі ұйымдардың бірі. Бұл ретте Қүшқайрат аға біраз еңбектенген көрінеді.

Күшқайрат Құсайынов – «Таң-Нұры Петропавл» ПИК төрағасы:

– Тұрғындарда бір мәселе туындаса, бірден маған хабарласады. Кейін мен барып мән-жайды анықтап, көмектесемін.

Айту керек, бұл күні қала әкімі алғыс хатпен 10-нан астам адамды мрапаттады.

 

Айгерим Ержанова