Білім

Петропавлда педагогтардың “Білімнің даңғыл жолы” атты конференция өтті

Гүлмира Кәрімова – Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы:

– Бұл конференцияның басты мақсаты – білім саласының тарихы мен жетістіктерін көрсету. Жиналғандарға таныстыру.

Негізі 90-шы жылдардың басында Петропавл қаласында 20 шақты мектеп болған екен. Ол кезде кадр және оқулық тапшылығы да күрмеулі мәселе еді. Тәуелсіздік алғаннан кейін бірте-бірте әрбір сала алға жылжыды. Соның бірі – білім беру саласы. Қазір облыс орталығында білім ұяларының саны 37-ге жетті. Бір облыстықты қоса алғанда, қазақ тілді 6 мектеп бар. Ширек ғасырдың ішінде қалада 28 балабақша жұмысын бастаған.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлеуметтік-саяси, экономикалық дамыды. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманының жүзеге асырып, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн.

Тағы, жиын барысында қаламыздағы білім беру саласына сүбелі үлес қосқан педагогтар марапатталды. Еңбекте үздік атанған мамандарға облыс басшысы мен қала әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.

Марапатқа ие болғнадардың бірі – №7 орта мектептің директоры Гүлнар Таласбаева. Білікті педагог өзінің еңбек жолын осыдан дәл 25 жыл бұрын бастапты.

Гүлнар Таласбаева – №7 орта мектептің директоры:

– Бескөл орта мектебінде, Әл-Фараби мектебінде жұмыс атқардым. Біздің негізгі мақсатымыз – балаларымыза нақты білім, дұрыс тәрбие беру.

Жалпы, конференцияда 20-дан аса мұғалім марапатқа ие болды. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Култанов Байболат