МТРА жаңалықтары

ҰОС ардагері, жерлесіміз Сапар Дүйсенов 92 жаста

Сапар Дүйсенов – ҰОС ардагері, СҚО прокуратурасының ардагері:

– 1987 жылдың ақпан айында зейнетке шықтым. Жұмыс жақсы болды. Әсіресе 10 жыл бойына тергеуші болдым. Осы облыстық прокуратурада. Сонда жақсы тергеушісін деп талай-талай марапатталдым. Сондай-ақ, аудан прокуроры болған кезде Қазақстаннның жоғарғы советтің грамотасына ие болдым.1982 жылы Кеңес одағының прокуратура органының 60 жылдығы тойланды. Сол кезде өңір делегациясымен бірге Мәскеуге барып, марапат алдым.

Сапар ата қоғамда болып жатқан өзгерістерді үнемі назарында ұстайды. Қазақстанның қазіргі даму қарқыны қуантады,- дейді ақсақал.

Сапар Дүйсенов – ҰОС ардагері, СҚО прокуратурасының ардагер:

– Президентіміздің көрегендігінің арқасында егеменді ел болдық. Қазір жақсы өсіп келе жатырмыз. Тек тиыштық, амандық болсын. Әлгі тамаша мемлекеттердің 50-шақтысына кіруді айтуышы едік. Оның біразына жетіп, озыпта барамыз. Енді қазір 30 мемлекетті айтып жүрміз. Құдай жеткізсе оларды да артта қалдырармыз.

Сапар Дүйсеновтың балалары әкелерінің ғибратты ғұмыры көпке үлгі болу үшін 90 жылдығына арнап кітап та шығарған екен.

Алтынай Дүйсенова – Сапар Дүйсеновтың қызы:

– Папам – біз үшін, балалары, немерелері үшін үлкен “авторитет” деп санаймыз. Бізге ол әрқашан ақылшы да, пана да болып отыр. Біздің әкеміз жұмысты қалай істесе, үйде жақсы. Біз үлгі алатындай әке. Үлкен болып осы күндері жанымызда жүр. Папамызбен анамыз бізді жақсы тәрбиеліп, білім берді. Бізге білім беру үшін тырысты.

Бүгінде Сапар Дүйсенұлы 2 ұл мен бір қыздан 6 немере сүйіп отыр.

Тогжан Акмагамбетова