Спорт

“Құлагер” ХК “Теміртау” ХК 4-1 есебімен тізе бүктірді

Айдын иелері жанкүйерлерін қуантудан жалыққан жоқ. Көп ұзамай команда капитаны Ильгиз Нуриевтің сауатты ойынының арқасында Максим Волков есепті еселей түсті. 2-0 есебімен хоккейшілер 17-ші минуттық үзіліске аттанды.

– Бірінші период тамаша өтті. Енді қалған екі кезеңде құлагерліктер шайба салады деген ойдамын.

– Біздің құрама айдында өздерін еркін сезініп жүр. Бұл өте жақсы. Осы кездесуде жеңіске жетсек, турнирлік кестеде бір саты жоғарылаймыз.

Екінші периодттың алғашқы бөлігі қызу ойын болды. Хоккейшілердің, әсіресе, теміртаулық ойыншылардың жүйкелері тозған болар, тәртіпті жиі бұзып тұрды. Тіпті, Филипп Святына 10 минутқа айдыннан қуылды. Бұл сәтте шабуылдарын үдеткен петропавлдық ұжымның алғашқы бестігі тағы ерекшеленді. Шайба авторы – Ильгиз Нуриев.

Өкінішке қарай, Андрей Янков бұл кездесуде өз қақпасын дін аман сақтап қала алмады. Үшінші периодта қырағы төрешілер құлагерлік екі хоккейшіні 2 минуттық айыппен жазалап, айдында 3-ақ ойыншысын қалдырды. Ал сан басымдықты ұтымды пайдаланған қонақтар есепті 3-1-ге жеткізді. Қуаныштары көпке созылмады. Кездесу аяқталар тұста Алексей Коптяев Михаил Смольниковты қапыда қалдырып, жеңіс шайбасын салды. Есеп 4-1, “Құлагер командасының пайдасына шешілді.

Константин Чеботаев – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– “Теміртау” құрамасымен жоспарланған әрбір ойынымыз тартысты өтеді. Бүгін ғажап кездесу болды. Бапкердің берген тапсырмасын 100 пайыз орындадық деген ойдамын. Қарымта кездесуде де тағы үш ұпай еншілеуге тырысамыз.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу бүгін сағат кешкі 7-де А.Винокуров атындағы Спорт сарайында өтеді.

 

Риат Шони